Басты бет«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі

«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі

  1.  Мекенжайы

    Қазақстан Республикасы 010000 Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі.

  2.  Электрондық пошта

    umto@umto.kz 

  3.  Веб-сайт
  4.  Байланыс телефондары

    8 (7172) 74-16-39, факс 74-74-69 

  5.  Ұйымның толық атауы

    «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі

  6.  Басшы

    Жамсатов Әлихан Қайыргелдіұлы

  7.  Басшының орынбасарлары

     

    • Байымбетов Ардақ Мұитдинұлы;
    • Кенжебаев Серік Әбдірахманұлы.

     

  8.  ҚР Парламентінің құрылуы туралы

     

    1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 2600 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №2918 Жарлығына сәйкес құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы Ережеге өзгерістер енгізілген болатын, осыған сәйкес Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары Төрағаларына, Парламент депутаттары мен Парламент Палаталарының Аппараттары қызметін қамтамасыз етуді, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Іс Басқармасының құрылымына Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы ведомствосы енгізілген. 

    2. 1996 жылғы 15 сәуірде ҚР Президенті Іс Басқарушысының № 50 бұйрығымен ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы құрылады. 

    3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» № 366 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ-нің атауы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ болып өзгерді.

  9.  Қызмет көрсету саласы

    Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға уәкілетті ведомствосы болып табылады.

    Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының негізгі міндеттері: 

    - Парламенттің Сенаты төрағасының, Парламенттің Мәжілісі төрағасының, Парламент депутаттарының, Парламенттің Аппараттары басшыларының, Парламенттің Аппараттары қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін тұлғалардың) қызметін материалдық-техникалық, көліктік, әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету; 

    - Парламент қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 

    - Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата және саяси партия фракциялары өткізетін мәжілістерді, конференцияларды және басқа да арнайы іс-шараларды қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және қызмет көрсету; 

    - ресми іс-шараларға және делегацияларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру; 

    - қызмет көрсетілетін тұлғалар жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, әкімшілік пен өндірістікке, әлеуметтік-тұрмыстыққа тағайындалған тұрғын үйлер мен объектілерді жобалауды, салуды және қайта жөндеуді ұйымдастыру.

Ведомстволық қарасты ұйымдар

ШЖҚ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК
Нұрбол Рахматуллаұлы Қаржауов

Жұмыс тел. 74 61 04

Факс 74 63 10

ШЖҚ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК
Асқар Ақтанұлы Құсайынов

Жұмыс тел.  74 60 60

Факс 74 64 37

ШЖҚ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» РМК
 

Асқаров Дәулет Амангелдыұлы

Жұмыс тел. 95 45 02

ШЖҚ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Парламентаризм институты» РМК
Махамбетов Мансұрхан Махамбетұлы

Жұмыс тел. 24-81-87