Құрметті оқырман,
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми сайтына қош келдіңіз.
Бұл жерде Іс Басқармасы мен оған қарасты ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен таныса аласыз. Сондай-ақ «Кері байланыс» айдары арқылы бізге сауал жолдауға, «Кадрлық қамтамасыз ету» айдарынан бос жұмыс орындары жайында білуге болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы – Мемлекет басшысына бағынатын, Президенттің, Парламент палаталарының депутаттары мен қызметкерлерінің, Үкімет қызметкерлерінің, өзге де мемлекеттік органдар қызметшілерінің жұмысын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.
Оған қарасты ведомстволық ұйымдар халыққа кеңінен қызмет көрсетіп, еліміздегі озық тәжірибелерді таратады. Біздің кәсіпорындар әлеуметтік кепілдік пен кәсіби дамуға көңіл бөле отырып, әртүрлі сала мамандарына жұмыс орнын ұсынады. Бүгінде Президент Іс Басқармасы жүйесінде барлығы 10 мыңнан астам адам еңбек етеді. Әр қызметкердің жұмысы жоғары сапа мен нәтижеге бағытталған.
Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алып, азаматтардың сұранысына әрдайым жедел әрі жан-жақты жауап беруге тырысамыз.
Жұртшылықпен байланысты жетілдіру үшін арнайы Телеграмм-канал аштық, сондай-ақ инстаграм желісінде @udp_open атты парақшамыз жұмыс істеп тұр.
Ықылас білдіргеніңіз үшін Сізге алғыс айта отырып, ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырамыз.
Айбек Дәдебаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқарушысы