Президент Іс Басқармасына қарасты Медорталық ауруханасының дәрігерлері халықты тегін қабылдайды

Жыл сайынғы дәстүрлі «Менің сүйікті дәрігерім» акциясы аясында ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарасты Медициналық орталық ауруханасының дәрігерлері 28 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін Шымкент, Жетісай қалаларында, Мырзакент, Атакент, Асықата кенттерінде халықты (18 жастан бастап) тегін қабылдайды.

Акцияның мақсаты – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету. Мамандар тобында кардиохирург Ерлан Денеев, ангиохирург Талғат Сәрсембаев және кардиолог Назира Алибаева бар. Сондай-ақ Шымкент пен Мырзакент қалаларында аритмолог Ринат Камиев осы топ құрамында болатынын айта кетейік.

Қабылдау күндері мен мекен-жайы:

Шымкент қ. - 28 қараша, Шымкент жүрек орталығы

Мырзакент - 29 қараша, Аудандық орталық аурухана

Атакент - 30 қараша, Аудандық орталық аурухана

Асықата - 1 желтоқсан, Аудандық орталық аурухана

Жетісай қ. - 2 желтоқсан, Аудандық орталық аурухана

Қабылдау уақыты: 09:00-18:00 сағ. (түскі үзіліс 13:00-14:00 сағ.).

Кеңес алуға келушілердің қолында жеке басын куәландыратын құжаты мен бұрынғы сараптамаларының нәтижесі болуы керек. Сондай-ақ:

- кардиохирургқа: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасын, коронарография/КТ дискісін және барлық үзінді көшірімдерін, тексерулер мен талдаулар нәтижесін;

- аритмологқа: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасын.

- ангиохирургке: қантамырлар УДДГ, КТ немесе аортография дискісін және барлық үзінді көшірімдерін, тексерулер мен талдаулар нәтижесін.

-кардиологқа: жүрек УДДГ, ЭХОКГ хаттамасы, барлық үзінді көшірімдерін, тексерулер мен талдаулар нәтижесін әкелуге тиіс.

Дәрігерлердің қабылдауы мен оған жазылу туралы басқа да ақпаратты осы медициналық ұйымдардан алуға болады.

 

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: