«Тәуелсіздік дәуірінің көшбасшысы». ҚР ПІБ-де Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2019-11-29

Мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні Іс Басқармасы орталық аппаратының және ведомстволық қарасты ұйымының қызметкерлерін үлкен залда жинады.


«1991 жылдың бірінші желтоқсаны тәуелсіздікке, тұрақтылық пен дамуға дауыс берген елді біріктірді», - деді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Аппарат басшысы Сәкен Абжанов өзінің құттықтау сөзінде.


Іс-шараға 2003-тен 2016 жылға дейін ҚР ПІБ-нің орынбасары қызметін атқарған ардагер Дабыр Инкербаев құрметті қонағы ретінде шақырылды. Дабыр Қамысбайұлы Тұңғыш Президентпен жұмыс істеу барысында алған әсерлерімен бөлісті.

Кездесу соңы Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені жасаған және Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи жолына арналған «Тәуелсіздік дәуірінің көшбасшысы» фильмін көрумен аяқталды. Фильм бірегей мұрағаттық материалдармен және куәгерлердің әңгімелерімен таң қалдырып, көрермендер көздеріне жас алды.


Тізімге оралу