Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасында теннис турнирінен спартакиада аяқталды

2019-11-23

Шешуші сайысқа ҚР ПІБ орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдарынан 9 команда қатысты. Турнир барлық спартакиада үшін негізгі болды: оның қорытындысы бойынша жылдың ең үздіктері анықталды.


Бірінші орынды Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, екінші орынды ҚР ПІБ Автошаруашылығы иеленді, ал үшінші орын ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығына тиді.

Жеке есепте әйелдер арасында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының дизайнері Ақжан Абилова, ал ерлер арасында «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының инженері Айдар Жаукин үздік ойыншы атанды. «Ардагер» номинациясы бойынша «Оқжетпес» санаторийінің спорт нұсқаушысы Базарбай Келдияров үздік ойыншы болды. 


Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының спартакиадасы Жастар жылына арналды. Ұйымдардың спорт командалары футбол, волейбол, шахмат, бильярд, боулинг және теннис ойындарынан жарысқа түсті.

Барлық кезеңнің нәтижелері бойынша Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы командаларының спортшылары зор табысқа қол жеткізді. Спартакиадада екінші орынға Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы тұрақтаса, үшінші орынға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының қызметкерлері жайғасты.


Тізімге оралу