ҚР ПІБ Медициналық орталығының құрамасы боулингтен үздік атанды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының құрамасы боулингтен үздік атанды 2018-10-22

Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ұйымдарының командалары арасында боулингтен жарыс өтті. Турнир спорттық сауықтыру бағдарламасы шеңберінде өтіп жатыр, оған спорттың әр түрі кіреді, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

Үздік дәрежесін алу үшін 12 команда жарыс жолына шықты. Ұзақ әрі қызықты сайыстан кейін ҚР ПІБ Медициналық орталығының ойыншылары үздік атанды. Екінші орынды Инженерлік-техникалық орталықтың командасы жеңіп алса, үшінші орынды ҚР ПІБ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының командасы иеленді. 

Жекелеген есепте әйел-ойыншылар арасынан ең үздік ойыншы Құралай Төретаева, ал ерлер арасынан – Амир Сабыржанов болды. 

Жеңімпаздарға наградаларды ҚР Президентінің Іс Басқарушысы Қанат Шөкенов табыстады.

UEK_5928.jpg
UEK_6049.jpg
UEK_6190.jpg

Тізімге оралу