Nege.kz: Student’s Book цифрлық құралы жасалды

ІТ мамандығында оқитын дарынды студенттерден кадрлық резер қалыптастыруға бағытталған Student’s Book цифрлық құралы жасалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев жазды.

Алматы, NEGE. А.Дәдебаевтің мәліметінше, ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты ұйым – «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК қызметкерлері Student’s Book цифрлық құралын жасап, пайдалануға енгізді.

«Жобаның мақсаты – аталған кәсіпорынның кадрлық әлеуетін нығайту үшін еліміздің үздік жоғары оқу орындарының талантты студенттері арасынан кадрлық резерв қалыптастыру. Жоба, сонымен бірге Қазақстанның дарынды жастарына ІТ-бағытында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді және жаңа мамандарға көмек болады», – деді ҚР Президенті Іс басқарушысы.

Атап өтілгендей, Astana IT University студенттері бірден қызығушылық танытып, кәсіпорын базасында «киберқауіпсіздік», «бағдарламалық инженерия», «үлкен деректер талдауы», «компьютер ғылымдары» және өзге де бағыттар бойынша тәжірибеден өтуге 20-дан астам өтінім жіберді. Екі студент өндірістік тәжірибеге қабылданған.

Алдағы уақытта Student's Book цифрлық құралын ҚР ПІБ-нің барлық ведомстволық мекемелеріне енгізу мүмкіндігі пысықталатын болады.

https://nege.kz/news/el/students_book_tsifrlik_kurali_zhasaldi_20220523183939

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: