Мемлекеттік-жекешелік әріптестік: Президенттік клиника базасында Ядролық медицина орталығы жұмыс істейтін болады

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының тікелей келіссөздерінің нәтижесінде 2022 жылғы 8 маусымда  «Нұр-Сұлтан қаласы,
Е 495 көшесі (жобалық атауы) №2 ғимарат ауданы мекенжайында орналасқан Ядролық медицина орталығының құрылысы» жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қойылды.

2022 жылғы 14 маусымда құжат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінен тіркеуден өтті.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптарына Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мен «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» РМК және жекешелік әріптес «Дал Диагностик» ЖШС жатады.

Аталған шарт қызметінің нәтижесінде Қазақстан азаматтарына бірегей медициналық қызмет көрсету мүмкін болады.

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: