ҚР Президентінің Іс Басқармасы Автошаруашылығының басшысы тағайындалды

ҚР Президентінің Іс Басқарушысының бұйрығымен Нұрбол Қаржауов «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК директоры болып тағайындалды.  

Н.Қаржауов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Құқықтанушы, заңгер, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі.

Еңбек жолын ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Ақмола облысы Ақкөл аумақтық учаскесінде бастаған. Бұған дейін ҚР Президенті Іс Басқармасында «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» РМК директоры, «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» директорының орынбасары, директоры, «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК директорының орынбасары болған.

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: