ҚР ПІБ Медициналық орталығының Бас санитариялық дәрігері коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеулер енгізді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Бас санитариялық дәрігерінің 01.07.2022 ж. Қаулысына сәйкес орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволық мекемелерде COVID-19-дың таралу салдарын болдырмау мақсатында келесі іс-шараларды орындау тапсырылады.

- Тәуекел тобындағы адамдарды қашықтықтан жұмыс жасау форматына көшіру (жүкті әйелдер, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға және ревакцинациялауға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар адамдар);

- СOVID-19 расталған адаммен байланыста болған адамдар үшін еңбекке жарамсыздық парағын ашпай, ПТР-тест тапсырмай 7 күнге қашықтықтан жұмыс жасау форматы қамтамасыз етілсін;

- Мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында жиналыстарды, отырыстарды, конференцияларды және басқа да бұқаралық іс-шараларды күндізгі форматта өткізуге 10 адамнан аспаған жағдайда рұқсат етілсін. Қатысушылар саны 10-нан асқан жағдайда онлайн форматта өткізу ұсынылады;

- Алыс және жақын шетелден келген адамдарға 3 күн мерзімге үйде оқшаулауды, өз қаражаты есебінен үшінші күнге ПТР-тест тапсырумен қамтамасыз етсін. ПТР-тестінің нәтижесі теріс болған жағдайда  жұмысқа еркін шығу қамтамасыз етілсін;

- Жабық ғимараттарда, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қамтамасыз етілсін;

- КВИ-ға қарсы вакцинация мен ревакцинацияны жалғастыру.

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: