Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл

1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері қабылданды. 
 
Бұл күн еліміздің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұранның туған күні ретінде отыз жылдан бері аталып келеді.
 
Бүгін де Президент Іс Басқармасы ұжымының барлық қызметкерлері қалыптасқан көпжылдық дәстүрді қолдап, жұмыс кабинеттерінен дәлізге шықты. Мемлекеттік елтаңба мен тудың алдында тізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимін орындады.
Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: