«Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының жаңа басшысын ашық конкурс арқылы анықтайды

Александр Викторович Дзюба «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының директоры лауазымынан босату туралы арыз түсіріп, өз еркімен жұмыстан кетті.

Қазіргі уақытта оның міндетін директордың орынбасары – Еркебұлан Сансызбайұлы Оспанов атқаруда.

Бос лауазымға ашық конкурс жарияланады, оған біліктілік талаптарына сай келетін кез келген адам қатыса алады.

Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына» (Ұлттық экономика министрінің 02.02.2015 жылғы N 70 бұйрығы) сәйкес өткізіледі.

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: