«Бурабай» ұлттық паркінің қызметкерлері 14 өрттің алдын алды

Осы күндері “Бурабай” мемлекеттік ұлттық паркінің қызметкерлері тәулік бойы орманды өрттен құтқару үшін талмай жұмыс істеді. 26 мен 27 мамырда ұлттық парктің жеті орманшылығында найзағай салдарынан 14 төтенше жағдай тіркелді.

Шалт қимылдаған мамындардың арқасында өрт 10-20 минуттың ішінде толық ауыздықталды.

Барлық тұтанған өртті Smart Burabay мониторинг жүйесі анықтады: төтенше жағдайдың туындағаны жайлы сигнал жедел басқару орталығының пультіне келіп түскен соң, бірден операторлар өрт сөндіру топтарына хабар берген. Отты 35 маман ауыздықтаған.

Президент Іс Басқармасының тапсырысымен енгізілген автоматтандырылған заманауи жүйелердің арқасында орманда өртті анықтаудың орташа уақыты-2 минут.

Найзағай түсіп, от тұтанған ең биік нүкте Бура тауы болды (биіктігі 690 метр). Аумақ тасты-топырақты және тік еңселі болып келгендіктен өрт сөндірушілер суды қолмен 600 метр биіктікке тасуға мәжбүр болған.

Тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтап, табиғатқа зиян келтіруге жол бермеген барлық жанға алғыс білдіремін!

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: