Совмин терапевті беделді халықаралық семинарда жеңіске жетті

Совмин қабылдау бөлімшесінің терапевті Ақерке Жанзақованың жұмысы Австрияда «SALZBURG WEILL CORNELL SEMINAR INFECTIOUS DISEASES» халықаралық конкурста үздік деп танылды. Конкурс дәстүрлі түрде әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас инфекционистері үшін өткізіледі.

Биыл оған 25 елден 32 дәрігер қатысты, олардың арасында профессорлар, клиника директорлары болды, бірақ Ақеркенің «Mysterious Linear Rash» жұмысын қазылар алқасы үздік деп таныды. Енді ол Австрия медицина академиясының сайтында жарияланатын болады. - Іріктеу күрделі болды, алғашқыда біз мотивациялық хат жаздық, одан кейін сұхбаттасу бәрі ағылшын тілінде болды. Нәтижесінде мені Венаға финалға шақырды. Осындай жоғары баға алғаныма өте қуаныштымын, деді Ақерке Жанзақова.

 

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: