Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы

DAA_9987_121.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы сайтының қадірлі қонақтары!

Назарларыңызға Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сайтын ұсына отырып, сіздерге қызығушылық танытқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз!

Іс Басқармасы қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында белгіленген, онымен сайтта танысуға болады. Орталық аппарат пен ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметі, олардың мекен-жайы мен байланыс телефондары туралы ақпарат және Іс Басқармасының басшылығы туралы мәлімет те осы сайтта бар.

Бүгінгі күні Іс Басқармасында түрлі сала мамандары күн сайын Мемлекет басшысының, сондай-ақ басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың қызметін қамтамасыз ету үшін қызмет етуде. Іс Басқармасының көпсалалық кәсіпорындары білікті қызметкерлерінің басым көпшілігі қайта жаңартылған және жаңадан салынған объектілерде еңбек етеді. Шетелдік мемлекеттер басшыларының ресми және жұмыс сапарларын ұйымдастыру мен жоғары деңгейде өткізу, әкімшілік ғимараттар мен құрылыстарды, тұрғын үй кешендерін күтіп ұстау мен пайдалануды қамтамасыз ету, көлік қызметін көрсету, таза экологиялық ауылшаруашылық өнімді шығару мен сату Іс басқармасы қызметінің басым бағыттары болып табылады.

Осы сайтта тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу, қызметкерлер үшін ұйымдастырылатын оқу және спорттық  іс-шаралар, сондай-ақ бос орындар туралы ақпаратпен танысуға болады.

Іс Басқармасының қызметіне қызығушылық білдірген ықтимал серіктестермен және клиенттермен жемісті өзара тиімді жұмыс істеуге біз әрқашан дайынбыз.

Іс Басқармасы сайтының құрметті қонақтары! Сіздердің сұрақтарыңыз бен сауалдарыңызға мүмкіндігінше уақтылы және толық жауап беруге бар күш-жігерімізді саламыз деп сендіреміз.

Баршаңызға денсаулық пен табыс тілеймін!

Бисембаев
Абай Айдарханұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы