Конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны 8(7172): 74-16-07 республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысының бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына және оның ведомстволарына жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмек көрсету саласындағы қызмет болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- білімі жоғары кәсіптік;

- кәсіпорын саласына ұқсас салалардағы басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

- кадр менеджменті мен персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің негіздерін, мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажеттi құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәтiнен бастап 15 күнтізбелік күннiң iшiнде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына ұсынылуы тиiс.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және он күнтізбелік күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардан үзінді;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.