"Aлматы қаласындағы ҚР Президенті Іс Басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМК

"Aлматы қаласындағы ҚР Президенті Іс Басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМК

1. Кәсіпорынның толық атауы:

«Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2. Басшы:  

Айнақұлов Ғани Ақылтайұлы - директор

Басшының орынбасары:

Көбейсінов Серік Ғинаятұлы - директордың орынбасары

3. Ұйымның құрылған күні:

«Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қазандағы «Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Парламентi мен Үкiметiнiң әкiмшiлiк үй-жайларына қызмет көрсету жөнiндегi дирекциясы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы №1427 қаулысына сәйкес құрылды.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы №311 қаулысына сәйкес қайта құрылды.

4. Қызмет саласы:

Кәсіпорын қызметің мәні қызметтік ғимаратты пайдалану, көлікпен қамтамасыз ету және қамтамасыз ету функцияларын орындайды.

Ғимаратты (құрылым) пайдалану тапсырмасына:

1. Ғимараттың функционалдық тағайындалуына сәйкес тиісті қызмет етуін қамтамасыз ету;
2. Қызмет мерзімінің ағымында нысанның жоспарланған пайдалану сипаттамасын қамтамасыз ету;
3. Орнатылған қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету;
4. Ғимараттың инженерлік-техникалық жүйесінің апатсыз жұмысын қамтамасыз ету кіреді.

5. Ұйымның сипаты:

«Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК ұйымдастырушылық-құқықтық формасындағы заңды иесі болып саналатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын.

6. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қаласы, Фурманова көшесі , 205

7. Электронды пошта: residence205@gmail.com

8. Байланыс телефоны: 2-700-441, факс: 271-60-70



Ұйым сатып ал: "Aлматы қаласындағы ҚР Президенті Іс Басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМҚК

Тізімге оралу