«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК

«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК 1. Ұйымның толық атауы:

ҚР ПІБ «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» ШЖҚ РМК

2. Басшы: Дзюба Александр Викторович - директор 

3. Басшының орынбасарлары:

- Ибрагимов Айтжан Жасланович - директордың орынбасары;

- Темирбаев Талгат Аликович - директордың орынбасары;

- Абдукадыров Рустам Мухтарович - директордың орынбасары;

- Ескендирова Гульнара Жадигеровна - директордың орынбасары.

4. Ұйымның құрылу жылы: 2000 жыл.

5. Қызмет саласы: Азаматтық авиация.

6. Көрсетілетін қызметі:

Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын қамтамасыз ету және жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа авиациялық қызмет көрсету.

7. Ұйымның сипаттамасы:

ҚР ПІБ «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» ШЖҚ РМК Астана қаласында «Астана халықаралық әуежай» АҚ аймағында орналасады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК құру туралы» 2000 жылғы 18 мамырдағы №745 қаулысымен құрылды.

Кәсіпорынды басқару органы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын қамтамасыз ету және жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа авиациялық қызмет көрсету болып табылады.

8. Мекенжайы: 010014 Астана қаласы, Есиль ауданы, Аэропорт көшесі, 40

9. Электрондық пошта: info@airberkut.kz

10. Байланыс телефондары: қабылдау бөлмесі 767-797, факс 767-787

11. Сертификаттары, лицензиялары:

2017 жылғы 09 қаңтарда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінен берілген (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға) Ұшуды орындау құқығына арналған куәлік, № KAZ-03/001

2015 жылғы 11 қыркүйектегі Халықаралық әуе көлiгi қауымдастығының (ИАТА) Ұшу қауіпсіздігі стандарттарының сәйкестік сертификаты (IOSA).

Еуропалық авиациялық қауіпсізідік жөніндегі агенттігімен 2013 жылғы 18 маусымда берілген EASA Part -145 стандарттары бойынша А-320/321/330, Emb135, Cl850 әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің орындалуына сәйкестігі сертификаты;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігімен 2013 жылғы 4 қазанда берілген авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі №007/13 сертификаты;

2014 жылғы 30 маусымдағы SAFT авиациялық аккумулятор батареяларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі №0614001 сертификаты;

«Airbus Corporate Jets» компаниясымен берілген 2011-2012 жылдарындағы Азиядағы А-330 әуе кемесінің алғашқы пайдаланушысы сертификаты.


Ұйым сатып ал: «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК

Тізімге оралу