Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында қызмет көрсетілетін ғимараттардың қауіпсіздігі талқыланды

2019-04-26

Бүгін Іс Басқармасында «ҚР ПІБ әкімшілік ғимараттарындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Уәкілетті органнан шақырылған өкілдер (Нұр-Сұлтан қаласындағы ТЖК, ТЖД) ҚР ПІБ қызмет көрсететін ғимараттарда орналасқан мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардағы (Министрліктер үйі, Қаржы министрлігі, Тұңғыш Президент Музейі, Бейбітшілік көшесі, 4 мекенжайында орналасқан «АСПиР» әкімшілік ғимараты) өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарға егжей-тегжейлі ұсынымдар берді.

Іс Басқармасы адамдар көп жиналған орындарға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Бір ғана Министрліктер үйінде күн сайын 8 мың адам болады, тағы күніне 10 мың адам келіп-кетеді. Бұл жерде шамамен 80 ұйым орналасқан. Ғимараттың ұзындығы бір жарым шақырым, алаңы 220 мың шаршы метр.


ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің меңгерушісі Ғабит Малғаздаровтың айтуынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары тәулік бойы жүреді. Ғимараттар дабылқаққыш және өрт сөндіру жүйелерімен жарақтандырылған. Гарнизон күштерін тартумен оқу-жаттығу жұмыстары тұрақты жүргізіледі, өрт автоматы жүйесі тексеріледі.



«Өткен жылы Нұр-Сұлтанда орын алғандай, өрттің шығуына электрлі тұрмыстық құралдар себеп болады, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы Бақылау және профилактикалық қызметтер басқармасының басшысы Орал Абдрахманов. - Мемлекеттік органдарда жиі кездесетін өрттің тұтану себептеріне электр шайнектері, майлы жылыту пештері жатады, сондай-ақ қағаздардың жинақталып қалуы да қауіп төндіреді».

 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адамдардың жауапкершілігін арттыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қиын жағдайдларда өзін-өзі ұстай білу дағдыларын үйрету қажет, дейді мамандар.


Тізімге оралу