Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2018-11-30

ҚР ПІБ қызметкерлері Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Тұңғыш Президент музейі орналасқан Мемлекет Басшысының Астана қаласындағы бірінші резиденциясына барды.


Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары Ерлан Баттақов өзінің құттықтау сөзінде «Біздің бүгін осында отырғанымыздың өзіндік мәні бар, себебі 1997-2005 жылдар аралығында нақ осы жерде түйінді шешімдер қабылданған, маңызды кездесулер өткен, тағдыршешті құжаттарға қол қойылған. Астананың астана болуы да осы жерден басталып, Қазақстанның табысқа жету тарихы өз ізін қалдырған.» - деп атап өтті.



Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева Іс Басқармасын Музейдің ұйымдастырылуындағы ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, болашақ ұрпақ үшін бұл тарихи ескерткіштердің маңыздылығын да айтып кетті. Музейдің ерекшелігі – барлық экспонаттардың түпнұсқалығында.



Іс-шараға қатысушылар Президенттің Астанадағы бірінші резиденциясындағы жұмыс кабинеттерін; ерекше фотосуреттерін; басқа мемлекеттер басшыларының Қазақстан Президентіне табыстаған сыйлықтарын; Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шақтарымен байланысты тарихи құжаттарын көріп танысты.



27 жыл бұрын 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті, сол сайлауда Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіп шықты.

Осы тарихи оқиға еліміздің жаңа жолмен дамуын айқындап берді. Бүгінде қазақстандық модель дүниежүзінде стратегиялық тұрақтылықтың атаулы үлгісі болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 


Тізімге оралу