ҚР ПІБ-де үстел теннисінен турнир өтті

2018-11-19

Үстел теннисінен жарысу да үлкен спорттық-сауықтыру бағдарламаларының бір бөлігі, сондықтан ҚР Президентінің Іс Басқармасы ұйымы қызметкерлерінің арасында бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді.


Теннис турниріне 12 команда қатысты. Үздік дәрежеге жету үшін болған күресте ҚР ПІБ мемлекеттік дирекциялары резиденциясының командасы жеңіске жетті, екінші орынды Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ойыншылары иеленді, ал үшінші орынға Әкімшілік ғимараттары дирекциясы тұрақтады.


Жекелеген есепте Президент Іс Басқармасының бас инспекторы Қанат Құсайынов жас ерекшелігі жағынан үздік ойыншы деп танылса, әйелдер арасынан Әкімшілік ғимараттары дирекциясының дизайнері Ақжан Әбілова, ерлер арасынан Инженерлік-техникалық орталықтың бас бағдарламашысы Мұрат Бауыржан  үздік ойыншылар номинациясына ие болды.



Барлық қатысушыға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. 



Тізімге оралу