ҚР ПІБ-де «Мемлекеттік тіл және латын графикасы» тақырыбында іс-шара өтті

ҚР ПІБ-де «Мемлекеттік тіл және латын графикасы» тақырыбында  іс-шара өтті 2018-10-02

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында «Мемлекеттік тіл және латын графикасы» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

«Мемлекеттік тіл және латын графикасы» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға ҚР ПІБ орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдарынан тіл саясатын іске асыруға және мемлекеттік тілді дамытуға жауапты басшылар мен қызметкерлер қатысты. Сонымен қатар, іс-шара қонағы ретінде Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры Азат Сәдметұлы Шәуеев шақырылды.

Іс-шара барысында А.С. Шәуеев мемлекеттік тілдің жалпы жай-күйі, латын графикасына көшу мәселелері туралы ой-пікірімен бөлісіп, мемлекеттік тілді дамыту қорында атқарылып жатқан жұмыстары жайында айтып өтті. Қазақ тілін тегін оқуға, оның ішінде балалардан бастап ересектерге дейін білім алуға болатын бағдарламалары бар «Soyle.kz» он-лайн курсын слайд арқылы таныстырды.

Бұдан тыс, іс-шараға қатысушыларға латын графикасында жазылған өлеңдерді оқудан кішігірім жарыс ұйымдастырып, жеңімпаздарды «Тәтті алма» атты балаларға арналған көркем шығармалар жинағымен марапаттады.

Ал қызметкерлер, өз кезегінде, латын графикасына көшу мәселесі бойынша көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып жатты.


Тізімге оралу