ҚР ПІБ-де бильяр турнирі өтті

2018-09-22

Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы спорт жарыстарының шеңберінде бильярдтан турнир өтті, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

UEK_0023.jpg

Турнирге 11 команда қатысты.

UEK_0036.jpg

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК алса, екінші орынға «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК тұрақтады, ал үшінші орынды «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ иеленді.

UEK_0123.jpg

UEK_0139.jpg

Сонымен қатар, турнирдің соңында жарыста жақсы және сапалы ойын көрсеткені үшін 2 ойыншыға номинация берілді, олар:

«Үздік ойыншы» - Медет Жұмағалиев пен «Әдемі ойын» - Талғат Қалиақпаров.

UEK_0203.jpg

Жеңімпаздарға спорт кубоктары мен медальдар табысталды.


Тізімге оралу