ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында Домбыра күні құрметіне салтанатты іс-шара өтті

2018-07-02

Домбыра – бұл қазақтың жаны. 

Н. Назарбаев

 

ҚР Президенті іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері Ұлттық Домбыра күнін мерекеледі, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

IMG_8847-29-06-18-08-33.JPG

Мереке шеңберінде балалар мен олардың ата-аналарының «Қазағымның қазынасы – домбыра», «Қасиетті домбыра», «Ұлттық домбыра күні» тақырыптарындағы шығармашылық жұмыстарынан көрме, сондай-ақ «Домбыра сазы» лепбуктер көрмесі ұйымдастырылды.

+.jpg

Тәрбиешілер мен музыка жетекшілері «Домбыра – дастан», «Домбыра туралы аңыз», «Нағыз қазақ – домбыра», «Красивые звуки домбры», «Қос ішек – бір дыбыс», «Күй атасы-домбыра» деген тақырыптарда сабақтар өткізді.

++.JPG

Балаларға күйдің және оркестрдің не екенін түсіндірді, олар Құрмағазының атақты «Балбырауын» мен «Сарыарқа» күйлерін, Дина Нұрпейісованың «Кішкентай» күйін тыңдады. Тәрбиеленушілер домбырада ойнап та көрді. Дидактикалық ойындар кезінде балалар домбыра туралы жұмбақтарды шешті, аспаптарды дыбыс үніне қарай атады.

IMG_5252.JPG

Сонымен бірге, домбыраның шығуы мен жасалуы туралы бейнеролик көрсетілді, «Ақсақ құлан», «Домбыра туралы аңыз», «Али мен Айя домбыра туралы» атты мультфильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

IMG_8849-29-06-18-08-33.JPG

Аптаны айшықтай түскен Ұлттық домбыра күніне арналған үлкен концерт ұсынылды, оған барлық тәрбиеленуші қатысты. Көпке танымал күйлер ойналды, «Әгугай!» әні шырқалды, «Нағыз қазақ – домбыра» биі орындалды. Соңында барлығы бірге «Домбыра – қазақтың тұңғыш аспабы» атты бейнефильмді тамашалады, ал балабақшаның қызметкерлері «Ақсақ құлан» аңызын сахналады.

Өткізілген шараның арқасында балалардың ұлттық музыкалық аспапқа деген қызығушылықтары арта түсті және домбырада ойнауды үйренуге ықыластарын білдіріп жатты.


Тізімге оралу