ҚР ПІБ мини-футболдан турнир өткізді

2018-06-30

Астанада ҚР Президенті Іс Басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдары командаларының арасында мини-футболдан турнир өтті.

Бұл іс-шара Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

UEK_3940.jpg

Турнирді Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы Азамат Әмірғалиев ашты.

«Бүгінгі футбол турнирін біз еліміздің астанасы – Астананың туған күніне арнаймыз. Бүгін жиналғандардың дерлік көбі – бүгінде астаналықтар. Әр жанның өз өтілі бар, бірақ, мен әрқайсысыңыздың осы қалада өз орындарыңызға орнығып, өздеріңізге маңызды да, пайдалы іс тапқандарыңызға сенімдімін.» - деді А. Әмірғалиев.

UEK_4022.jpg

Турнирге жалпы 12 команда қатысты.

UEK_4520.jpg

Финалдық матчта Елбасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының командасы қажырлы күреспен алға шығып, турнирдің кубогін жеңіп алды. Екінші орынға «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ, ал үшінші орынға «Материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ командалары ие болды.

UEK_4920.jpg

Сонымен қатар, турнирдің қорытындысы бойынша жарыста жақсы және сапалы ойын көрсеткендері үшін 5 ойыншыға мынадай номинациялар табысталды:

«Үздік шабуылшы» - Дидар Сыдықбек

нападающий.jpg

«Үздік қорғаушы» - Арман Нәзік

защитник.jpg

«Үздік қақпашы» - Әскербек Сәдуақасов

вратарь.jpg

«Үздік ойыншы» - Рүстем Молдабаев

лучший игрок.jpg

«Үздік гол» - Михаил Шубин

гол.jpg

Жеңімпаздарға спорттық кубоктар мен медальдар табысталды.


Тізімге оралу