ҚР ПІБ қызметкерлері «Алға басу - движение вперед» атты қайырымдылық жүгіру шарасына қатысты

ҚР ПІБ қызметкерлері «Алға басу - движение вперед» атты қайырымдылық жүгіру шарасына қатысты 2018-06-16

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік қызметші күніне орайластырылған «Алға басу - движение вперед» атты қайырымдылық жүгіру шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

Марафонда жүгіруге бір уақытта 16 мың адам қатысты, олар: облыс орталықтарының, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік қызметшілері. Ерлер 2,5 шақырымға, әйелдер 1,5 шақырымға жүгірді.

Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Милосердие» ерікті қоғамы ұйымдастырды.

Жүгіру шеңберінде жиналған қаражат «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық жобасын іске асыруға, ауыр дертке шалдыққан және аурулары Қазақстанда емделмейтін балаларға көмек көрсетуге жұмсалатын болады.


Тізімге оралу