ҚР ПІБ Мемлекеттік рәміздер күніне орай гимнді салтанатты түрде орындауды ұйымдастырды

ҚР ПІБ Мемлекеттік рәміздер күніне орай гимнді салтанатты түрде орындауды ұйымдастырды 2018-06-05

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай гимнді салтанатты түрде орындауды ұйымдастырды

Таңертеңгі сағат 10.00-де Министрліктер үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні ойнады. Қызметкерлер кабинеттерінен шығып, дәлізде сапқа тұрып, әнұранды барлығы бірге айтты.

Акцияны Министрліктер үйі ғимаратында жұмыс істейтін полиция полкі де қолдады.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда бекітілген болатын. Сол кезден бастап еліміздің ресми гимні, туы мен елтаңбасы пайда болды. Мемлекеттік рәміздер күні «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы №382 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы №337 Жарлығымен бекітілген.      

                


Тізімге оралу