«Нұр отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының Саяси кеңес және Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті

2017-06-20

Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалы төрағасы Бисембаев Абай Айдарханұлы төрағалығымен Саяси кеңес және Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.

UEK_4727.jpg

Отырыс барысында филиалдың 2017 жылғы бірінші жартыжылдық жұмысы қорытындыланды, сондай-ақ ағымдағы жылдың екінші жартыжылдық жұмыс жоспары айтылды. «Нұр Отан» партия мүшелері белсенді топтырының бастауыш партия ұйымдарын құру туралы ұсынысы қаралды.

«Есеп беру мерзімінде қалалық және республикалық деңгейде 70 астам іс-шара ұйымдастырылып, партия қатары 186 адамға толықты»,- деді «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожахметов Шыңғысхан.

UEK_4708.jpg

Отырыс қорытындысында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне бағынысты құрылымдық ұйымдарында «Қалқан» және «Азаматтық қоғам» бастауыш партия ұйымдарын құру туралы шешім қабылданды.


Тізімге оралу