Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында кадрлық өзгерістер

2017-04-06

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында кадрлық өзгерістер өтті. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып, ҚР Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды;

Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды.


Тізімге оралу