АЛМАТЫДА «ШИПАЖАЙ-2016» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

АЛМАТЫДА «ШИПАЖАЙ-2016» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ 2016-06-09
Бүгін «Алматы» санаторийінде ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ұйымдастыруымен «Шипажай – 2016» Бірінші халықаралық ғылыми-практикалық форумы өз жұмысын бастады. 

SAM_2082.JPG

Іс-шара Ақтөбе қаласындағы терактіден қаза болғандардың құрметіне бір минут үнсіздіктен басталды.

Форумның жұмысына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Валерий Бенберин, Мәскеу қаласының Денсаулық сақтау департаментінің Медициналық оңалту, қалпына келтіру және спорттық медицина ғылыми-практикалық орталығының директоры Александр Разумов қатысты.

Сонымен қатар, ҚР Спорттық медицина және медициналық оңалту қауымдастығының президенті Берік Саттықшылықов, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов, Дүниежүзілік сумен және климатпен емдеу федерациясының (ФЕМТЕК) президенті Умберто Солимене және Чехияның емдеу санаторийлері одағының вице-президенті Мартин Плахи де шақырылды.

SAM_2091.jpg

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Валерий Бенберин іс-шараны аша отырып, санаторийлік-курорттық емдеу ұлт денсаулығын нығайтуды ең өзекті және перспективалық бағыт болып табылатынын атап өтті.

«Шипажай» форумы – курорттық және қалпына келтіру медицина саласындағы ең жаңа жетістіктер ұсынылып отырған, санаторийлік-курорттық емдеу, медициналық оңалту, спорттық медицинаның қазіргі заманғы технологияларын дамытудағы тәжірибемен алмасуға арналған бірегей алаң. Форум кәсіби байланыстарды нығайтуға және курортологтер қауымдастығына қалпына келтіру және оңалту емін одан әрі жетілдіру стратегиясын ұсынуға мүмкіндік береді», - деп айтты В. Бенберин.

SAM_2129.jpg

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өз құттықтау сөзінде санаторийлік-курорттық емдеу бюджетке түсетін табыс көзі ретінде оңтүстік астана үшін аса маңызды. Бүгінгі таңда Алматыны туристік курорттардың біріне айналдыру үшін барлық жағдай жасалуда, - деп айтты. 

«Шетелден келген қала басшылары Алматының жайқалған көгіне таңданады. Алматының орналасқан жері бірегей: 15 минутта «Шымбұлақ» курортына жетуге болады. Туристік қызметті жүзеге асыруға көп мүмкіндіктер бар. Алматы туристік қызметтердің барлық түрін көрсетеді. Біз қаламызды туристік курортқа айналдыруға ниеттіміз», - деп айрықша атап өтті қала басшысы. 
Б. Байбектің айтуынша, Алматыда 50 санаторийлік-курорттық емдеу объектісі бар, оның ішінде қала теңгерімінде - 6, жекеменшікте - 40. Бұл қала үшін перспективалық бағыт және оған көп көңіл бөлу қажет, - деп әкім айтты. 

SAM_2076.JPG

«Біз жиналып отырған орын – бірегей болып табылады. Менің білуімше, орталық мемлекеттік органдардың 35% мемлекеттік қызметшісі осы жерде ем қабылдайды, олардың шамамен 30%-ы алматылықтар, ол 240 орындық болғанымен жылына 8 мың адамға қызмет көрсетеді» деп Б. Байбек ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Алматы» санаторийінің бірегейлігін атап өтті. 
Форумда жазушы Олжас Сүлейменов сөз сөйлеп, шетелдің ешбір жерінде мұндай сұлу табиғат көрмегенін айтты. 

«Мен жастайымнан «Алматы» санаторийінде демалып келемін. Ол әртүрлі атаулармен аталды. Бірақ мұндай табиғат көрінісін, мұндай ауаны мен ешбір жерде көрген емеспін деп айта аламын. Мен түрлі елдерде елші болып жұмыс істегенмін, Грецияда, Италияда және Францияда 10 жылдан астам уақыт болғанмын. Бірақ мұндай сұлулық, таудың мұндай көркем көрінісі еш жерде жоқ. Бұл әлемдегі ең жақсы табиғат көрінісі және мен мұны аса сенімділікпен айта аламын. Бұл денсаулық факторы әрбір демалушыға көмектеседі» деп Сүлейменов айтты. 

SAM_2100.jpg

Осы Форумның мақсаты медициналық туризм, санаторийлік-курорттық емдеу, медициналық оңалту, спорттық медицина, курорттық бизнес индустриясын дамыту мәселелерін талқылауға арналған тұрақты әмбебап пікірталас алаңын құру және санаторийлік емдеуді дамыту бойынша ғаламдық міндеттерін шешу үшін оның негізінде еліміздің зияткерлік, ұйымдастырушылық, кадрлық және ақпараттық ресурстарын біріктіру болып табылатынын атап өту қажет.

Форум аясында санаторийдің мүмкіндіктері, инвестициялық жобалар, курорттық және қалпына келтіру медицина саласындағы ең жаңа жетістіктер көрсетілді. 

Сонымен бірге, «Санаторийлік-курорттық кешенді дамытуды басқарудың ұйымдастырушылық тетіктерін жетілдіру», «Санаторийлік-курорттық ұйымдар жағдайында тамақтандыру», «Курортологиядағы медициналық инновациялар», «Спорттық медицина және емдік дене шынықтыру: проблемалары мен перспективалары», «Курорттық және туристік салалар: өзара тиімді ынтымақтастық, «Қазақстан Республикасында және әлемде медициналық туризмді дамыту» атты және басқа да тақырыптардағы мастер-кластар мен ғылыми семинарлар өткізілді. 




Тізімге оралу