Іс Басқармасы және Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа азаматтық қорғау туралы заң нормаларын түсіндіру жөнінде семинар өткізді

Іс Басқармасы және Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа азаматтық қорғау туралы заң нормаларын түсіндіру жөнінде семинар өткізді 2014-07-29
2014 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының және заңға тәуелді актілердің нормаларын түсіндіру жөнінде семинар өткізді.

DSC_5261.JPG

Семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының 18 ведомстволық қарасты ұйымының жауапты тұлғалары қатысты. Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларды жою саласындағы мәселелер бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы Қайсанов Мейрамбек, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің басқарма бастығы Мельник Владимир, Төтенше жағдайларды жою департаментінің басқарма бастығы Нұрсейітов Ержан сөз сөйледі. 

DSC_5271.JPG

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері ведомстволық қарасты ұйымдарға қатысты мәселелер бойынша азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға түсіндірме берді.

Тізімге оралу