«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК жаңа басшысы тағайындалды

«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК жаңа басшысы тағайындалды 2014-01-17

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарашусының бұйрығымен 2014 жылғы 13 қаңтардан бастап Дзюба Александр Викторович «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.

ДЗЮБА АЛЕКСАНДР ВИКТОРОВИЧ

1970 жылы 4 сәуірде туған.

1992 жылы Кременчуг Азаматтық авиацияның ұшқыштар училищесін бітірген (Украина, Кременчуг қ.), біліктілігі – ұшқыш.

2000 жылы Ақтөбе Азаматтық авиацияның жоғарғы ұшқыштар училищесін аяқтаған, біліктілігі – инженер-ұшқыш.

Еңбек жолын 1992 жылы Гурьев авиациялық жасағының Ми-8 әуе кемесінің екінші ұшқышы болып бастаған.

1993 - 1997 жылдар аралығында Алматы облысы Бурундай біріккен авиациялық жасағының Ми-8МТВ әуе кемесінің екінші-ұшқышы болып жұмыс істеген.

1997 - 2000 жылдар аралығында «Ориент Игл Эйрвейз» ЖШС-тың
Ми-8 әуе кемесінің екінші ұшқышы болған.

2000 - 2010 жылдар аралығында «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК-ның Ми-8 МТВ әуе кемесінің екінші ұшқышы, командирі, ұшқыш-нұсқаушысы.

2010 жылдан бастап «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК директорының орынбасары.

2014 жылғы 13 қаңтардан бастап «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК директоры.


Тізімге оралу