«Бірлік» «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры көпбалалы аналарды және зейнеткер әйелдерді құттықтады

«Бірлік» «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы және  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры көпбалалы аналарды және зейнеткер әйелдерді құттықтады 2013-03-05

Партияның Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көпбалалы аналар, мүгедек әйелдер және жалғызбасты зейнеткер әйелдер оларға материалдық жәрдем көрсету өтінішімен жүгінді.

8-Наурыз  - Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында «Бірлік»  «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы және  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры әйелдерді құттықтап, оларға тұрмыстық техниканы сыйға тартты. Сыйлықтар әрбір әйелдің үйіне жеткізілді.  

-Арамызда қолдауға және қамқорлыққа мұқтаж жандар бар. Оларға қамқорлық көрсету және олардын өмірі мен деңсаулығына жағдай жасау өркениетті қоғамның басты міндеттері болуға тиіс. «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы және  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры бірігіп мереке қарсанында өз үлесін қосып жатыр, көпбалалы аналарға және жалғызбасты  зейнеткер әйелдерге тұрмыстық техниканы – тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар және телевизиорларды сыйлады, - деді  «Бірлік» «Нұр Отан» ХДП-ның филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі  Ғалым Жұмжаев.

«Бірлік» «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы және  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры бірігіп жасап жатқан аталмыш қайрымдылық акция жақсы дәстүрге айналғандығын атап өту жөн.

 


Тізімге оралу