Жуырда, iOS платформасында мобильдік құрылғылар үшін App store-дан Мемлекет Басшысының Akorda сайтының мобильдік нұсқасын жүктеу мүмкіндігі пайда болды

Жуырда, iOS платформасында мобильдік құрылғылар үшін App store-дан Мемлекет Басшысының Akorda сайтының мобильдік нұсқасын жүктеу мүмкіндігі пайда болды 2013-02-14

Бұл жұмыс «Инженерлік-техникалық орталығы» акционерлік қоғамының мамандарының қатысуымен жүргізілді. Мобильдік нұсқа Android платформасында да қолжетімді.

Бұдан бұрын, Мемлекет Басшысының жаңғыртылған сайты ҚР Президентінің Дербес парағының өзгертілген дизайнымен пайдалануға іске қосылған болатын. Дербес парақта Мемлекет Басшысы, оның қызметі, мүдделері туралы ақпаратты және Президент туралы көптеген бейнефильмдерді, кітаптарын, сурет галереясын тамашалай аласыз.

Сонымен бірге, «Президенттің бизнесті қорғауы» тарауының және «ҚР құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс аттестация өткізу» айдарының жаңа дизайны әзірленген болатын. «Ақорда», «Астана», «Қазақстан» бейне турлары жасалды.

Мемлекет Басшысының www.akorda.kz сайтында Ақорда Баспасөз-қызметінің парағына YouTube, Facebook, Twitter әлеуметтік желілеріне сілтемелері бар.


Тізімге оралу