КТК - Алматы тұрғындары Орталық клиникалық ауруханасында жүректерін тексеру үшін ұзын сонар кезекке тұруда

2017-09-27

Себебі дүниежүзілік жүрек күніне орай мұнда акция өтіп жатыр. Бұл күні жұртшылыққа кардиолог мамандар кеңес беріп, жүрегінің қалай соғып тұрғаны туралы айтып бермек. Сондай-ақ, қанның құрамындағы холестерин мен қант деңгейін анықтап, қан қысымын да өлшеп береді

Ақхалаттылардың айтуынша, елде жүрек және қан тамырлары аурулары өлімге душар ететін қауіпті дерттердің тізімінде тұр.Алайда алдынғы жылмен салыстырғанда жүрек қан тамыр ауруларынан адам өлімі азайған, ол ең бастысы елімізде кардиология саласынын дамығанының белгісі. Ал жүрек ауруына басты себеп адамдардың өздері дейді мамандар.

Әлихан Жүсіпов:

-Бірнеше сағаттын ішінде 30 шақты науқас келді. Артық салмақтар көп, күн тәртібі ,жұмыс тәртібі, тамақ мәселесі тіпті түсінік жоқ. Әр адам өзінің өміріне сын көзбен жауапкершілікпен қарау керек.


Тізімге оралу