Қазақстан Президенті Іс басқармасының ауруханасына шетел мамандары оң баға берді

Қазақстан Президенті Іс басқармасының ауруханасына шетел мамандары оң баға берді 2015-04-09
Шетел мамандары Қазақстан Президенті Іс басқармасының медициналық орталығын аралады.

Көпсалалық жаңа аурухананың техникалық жабдықталуы мен медициналық персоналына тәнті болған сарапшылар орталыққа оң баға берді.

Бір ай бұрын ашылған клиника бір ауысымда мың адамды қабылдай алады. 13 ғимараттан құрылған орталықта бірегей диагностикалық блок пен ядролық медицина бөлімшесі бар.

Шараға қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев медицинаның дамуына биыл 4,6 миллиард доллар көлемінде қаражат бөлінгенін айтты.



Тізімге оралу