Алматыда «Метаболизмдік синдром: алдын алу, диагностика және емдеу» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2015-02-19

2015 жылғы 19 ақпанда ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында «Метаболизмдік синдром: алдын алу, диагностика және емдеу» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияда қазіргі клиникалық медицина және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі – әсіресе егде жаста жүрек-қантамыр патологиясы, зат алмасу және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулардың дамуында метаболизмдік синдромның рөлі қарастырылды.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Әмір Амантайұлы Ахетов ашты:

«Біздің ауруханада клиникалық медицинаның теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша отандық және шетелдік жетекші ғалымдарды ұдайы тыңдау жақсы дәстүрге айналды.

Міне, бүгін де біз клиникалық медицина – метаболизмдік синдромның өзекті мәселесіне арналған екінші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары болып отырмыз.

«Метаболизмдік синдром: алдын алу, диагностика және емдеу» девизімен өтіп жатқан конференция Қазақстан Республикасы клиникалық медицинасының және ауруханамыздың алдында тұрған ғылыми-тәжірибелік міндеттерді шешу үшін еліміздің ғалымдарының әлеуетін арттыратынына сенімдімін!»

Метаболизмдік синдром 4 негізгі компоненттен тұрады: семіру, жоғары артериялық қысым, қандағы глюкозаның және күрделі сіңірілетін майлы қышқылдар мөлшерінің жоғары болуы. Метаболизмдік синдромның осындай жайсыз әлеуметтік маңызы бар салдарының алдын алу мақсатында ҚР ПІБ Медициналық орталығы клиникалық ауруханаларында тікелей метаболизмдік синдром және оның клиникалық байқалуын зертханалық және инструменталдық диагностиканың жаңа әдістері белсенді түрде әзірленуде.

В.В. Бенберин:

«Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдары метаболизмдік синдромды «ХХІ ғасыр індеті» деп сипаттайды. Оның таралымы ересектерде 20-40%-ға жетіп отыр. Метаболизмдік синдромның болуы: артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі және инсульт сияқты қант диабетінің де болу қаупін 3-6 есеге арттырады.

Қазақстанда статистика бұл үрдістерді қайталайды.

Конференцияға қатысушылар теориялық ұғымдарын кеңейтіп, ғылыми-тәжірибелік қызметті жетілдіруге қосымша түрткі болатын метаболизмдік синдром туралы жаңа білім алады деп күтіледі».

Конференцияда көрнекті Ресей ғалымдары: Санк-Петербург биореттеу және геронтология институтының директоры, РҒА корреспондент мүшесі В.Х. Хавинсон; Д.О. Отта атындағы Санк-Петербург акушерлік, гинекология және репродуктология институтының жетекші ғалымдары РҒА м.ғ.д., профессор И.М. Кветной, б.ғ.д., профессор В.О. Полякова, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім және ғылым қайраткерлері: академик - Т.Ш. Шарманов, м.ғ.д., профессор - А.А.Ақанов, м.ғ.д., профессор - А.Ж.Рысмендиев, м.ғ.д., профессор - В.В.Бенберин, м.ғ.д., профессор – Г.А. Тоғызбаев, м.ғ.д., профессор - Г.З. Таңбаева қатысты. 


Тізімге оралу