Қазақстандықтарға электрондық денсаулық паспорттары 2016 жылдан бастап үлестіріледі

Қазақстандықтарға электрондық денсаулық паспорттары 2016 жылдан бастап үлестіріледі 2014-08-20
2016 жылы электрондық денсаулық паспорттарын ҚР медициналық ұйымдарында енгізу жоспарланған. Бұл туралы Астанада өткен «Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологиялар: табыстар мен шақырулыр» атты халықаралық конференциясы барысында ДСМ-нің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Светлана Шубина мәлім етті. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне ҚР Президенті Іс Басқармасы баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологиялар: табыстар мен шақырулыр» атты халықаралық конференциясы барысында Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтау тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде республикада электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесінің құрылуы мәселелері талқыланды. ДСМ-нің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Светлана Шубина қатысушыларды электрондық денсаулық сақтау жүйесінің құрылуы бойынша негізгі нәтижелерімен мәлімдеді.

Сонымен, оның айтуынша, қазіргі таңда электрондық денсаулық сақтаудың саясатын белгілеуін, қажетті нормативтік құжаттық актілерді әзірлеуді және енгізуді, мемлекет ішінде медициналық ақпараттарды алмасу мен ықпалдастыруға жауап ететін орталықтандырылған сервистерді, қызметтер мен жүйелерді жасауды және пайдалануды қамтамасыз ететін институционалдық құрылымдар құрылды. Ортақ платформаның құрылуы 2015 жылда аяқталады.

ДСМ-нің өкілі өз баяндамасында электрондық денсаулық паспорттарына ерекше көңіл бөлді.

«Электрондық денсаулық сақтаудың орталық элементі біздің мемлекеттің әр азаматының электрондық денсаулық паспорты болады. Ол адам денсаулығы, бұрынғы және қазіргі аурулар, сонымен қатар аллергологиялық және имундық ахуалы туралы басты жиынтық мәліметтерді қамтамасыз ететін құралы болып табылады. 2016 жылы электрондық денсаулық паспорттарын ҚР медициналық ұйымдарында енгізу жоспарланған», - деді С.Шубина. 



Тізімге оралу