2016 жылы электрондық денсаулық паспорттары еңгізіледі

2016 жылы электрондық денсаулық паспорттары еңгізіледі 2014-08-20
Baq.kz – 2016 жылы электрондық денсаулық паспорттарын ҚР медициналық ұйымдарында енгізілу жоспарланған. 
Бұл жөнінде «Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологиялар: табыстар мен үндеулер» атты халықаралық конференциянда ҚР ДСӘДМ Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Светлана Шубина мәлімдеді.
Бұл туралы ҚР Президенті істері басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Конференция барысында жасаған баяндамасында ол:
- Электрондық денсаулық сақтаудың орталық элементі - мемлекеттің әр азаматының электрондық денсаулық паспорты болады. Ол адам денсаулығы, бұрынғы және қазіргі аурулар, сонымен қатар аллергологиялық және иммундық ахуалы туралы басты жиынтық мәліметтерді қамтамасыз ететін құралы болып табылады. 2016 жылы электрондық денсаулық паспорттарын ҚР медициналық ұйымдарында енгізілуі жоспарланған, - деді.

Айта кетейік, бұл жүйе бойынша «Ақпарат пациентпен бірге жүреді» қағидасы іске асырылады. Бұл науқасқа көмек көрсету барысында медициналық қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетеді, қай кезде және қандай өңірде жүрмесін, өткізілген диагностикалық және емдеу іс-шаралар туралы ақпаратты алуға және қолдануға мүмкіндік береді.
Электрондық төлқұжат негізінде пациентке өз денсаулығы, дәрігерге бару туралы хабарламалар, скрининг немесе профилактикалық тексеруден өту жөнінде ақпарат ала алатын жеке кабинетін жасау жоспарланған.

Тізімге оралу