2016 жылдан бастап қазақстандықтарға денсаулықтың электронды паспорты беріледі - ДСӘДМ

2016 жылдан бастап қазақстандықтарға денсаулықтың электронды паспорты беріледі - ДСӘДМ 2014-08-20
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» АҚ ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологиялар: табыстар мен шақырулар» атты халықаралық конференциясы өтті, деп хабарлады ҚР Президентінің Іс басқармасы баспасөз қызметі. 
Шара үстінде Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтау тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде республикада электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесінің құрылуы мәселелері талқыланды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (ДСӘДМ) Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Светлана Шубина қатысушыларды электрондық денсаулық сақтау жүйесінің құрылуы бойынша негізгі нәтижелерімен мәлімдеді.

Сонымен, оның айтуынша, қазіргі таңда электрондық денсаулық сақтаудың саясатын белгілейтін, қажетті нормативтік құжаттық актілерді әзірлеуді және енгізуді, мемлекет ішінде медициналық ақпараттарды алмасу мен ықпалдастыруға жауап беретін орталықтандырылған сервистерді, қызметтер мен жүйелерді жасауды және пайдалануды қамтамасыз ететін институционалдық құрылымдар құрылды. Ортақ платформаның құрылуы 2015 жылда аяқталады.

ДСӘДМ-ның өкілі өз баяндамасында электрондық денсаулық паспорттарына ерекше көңіл бөлді.

«Электрондық денсаулық сақтаудың орталық элементі біздің мемлекеттің әр азаматының электрондық денсаулық паспорты болады. Ол адам денсаулығы, бұрынғы және қазіргі аурулар, сонымен қатар аллергологиялық және имундық ахуалы туралы басты жиынтық мәліметтерді қамтамасыз ететін құралы болып табылады... 2016 жылы электрондық денсаулық паспорттарын ҚР медициналық ұйымдарында енгізілуі жоспарланған», - деді С.Шубина.

Сонымен бірге, «Ақпарат пациент артынан жолданады» принципі іске асырылады мәлімдеді ол. Бұл медициналық қызметкерлер арасындағы қарым қатынасты пациентке көмек көрсету, уақыт пен орынға байланыссыз өткізілген диагностикалық және емдеу іс-шаралар туралы ақпаратты алуға және қолдануды жеңілдетеді.

Электрондық паспорт негізінде пациент өз денсаулығы, дәрігерге бару туралы ескерту хат, скрининг немесе профилактикалық байқаудан өту туралы ақпаратты алу үшін жеке кабинетінің жасалуы жоспарланған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы 2010 жылы бағынысты ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізілуі басталды.

Медициналық ақпараттық жүйелердің енгізілуі аурухананың менеджментің жетілдірудегі әсері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының бас дәрігері Әмір Ахметов мәлімдеді.

Қазіргі таңда ауруханада медициналық - технологиялық үдерістерді сүйемелдеу бойынша ақпараттық-талдамалық кезеңі іске асырылды.

Жүйе үйлесімді және ықпалдастырылған функционалдық-кеңейтілген модулдер кешені болып табылады. Ол қауіп-қатерлерді, шығындарды және жұмсалған еңбекті азайтады.

«АЖ пайдалануы пациенттің деректерін түрлі мамандар арасында қағаз анализдерін жіберусіз орталықтандырылған түрде сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, бұл емханалық картадан немесе ауру тарихынан ақпаратты қарауға мүмкіндік берді», - деді Ә.Ахметов.

Қазіргі таңда аурухананың КМАЖ-ға 500-ден астам автоматтандырылған жұмыс орындар қосылды. Жүйеде 215 дәрігер, 297 медбике жұмыс жасайды.

Конференция сонында ЗАО «Информатика Сибири», ООО «Брегис» және ТОО «MedElement» деген медициналық ақпараттық жүйелердің өндірушілері алға шығып, медициналық қызметкерлерді өз өнімдері мен таныстырды.

Тізімге оралу