ОТБАСЫМЕН ДЕМАЛУҒА ЖАЙЛЫ ОРЫН

ОТБАСЫМЕН ДЕМАЛУҒА ЖАЙЛЫ ОРЫН 2014-08-08
Биылғы жылы түрік жағалауында 5 жұлдызды «Rixos Beldibi» жаңартылған қонақүйі өз жұмысын бастады. Ерекшелендіретін қасиеті – оның күллі отбасымен демалу үшін қызметтер көрсетуінде. 

Жайлылық, сапа, эксклюзивтілік сияқты артықшылығымен туристердің көңілінен шықты. Қонақүй қандай қызметтер көрсететіні және өзімен бәсекелес бірқатар 5 жұлдызды қонақүйлерден несімен ерекшеленетіні туралы, сондай-ақ қайта жаңартудан кейінгі жұмыстардың аралық қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Алатау» қонақүйі» АҚ басшысы Рүстем Елубаев әңгімелеп берді.

– Қонақүй қашан ашылды? Ол осындай деңгейдегі басқа қонақ үйлерден несімен ерекшеленеді?

– Шын мәнінде, «Rixos Beldibi» қонақүй бизнесі нарығында жаңадан ашылған қо­нақүй емес. 12 жылдан бері жұ­мыс істеп келеді және осы уақыт аралы­ғында қонақүй қызметтерін көрсету сала­сында сенімді се­ріктес ретінде көрсете білді.

Уақыт бір орында тұрған жоқ, биыл Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қолдауымен қонақүй кешені толық жаңғыртылды, жаңа тұ­жы­рымдама қайта қаралып, іске асырылды – қонақүй шусыз тынық отбасылық демалыс үшін қызметтер көрсетуге бағдарланды. Қайта жаңартылған «Rixos» брендімен «Алатау» қонақүйінің ресми ашылу салта­наты туристік маусымның ашылуымен, осы жылдың мамыр айымен тұспа-тұс келді.

Қазіргі таңда қонақүй ойдағыдай қыз­мет етуде, тек мамырдан шілде айына дейін­гі аралықта біз 30 мыңнан астам ке­лушілерді қабылдадық.

Жүргізілген маркетингтік науқанның арқасында біз белгілі бір жетістіктерге қол жет­кізе алдық. Сауалнамалар барысында тұрғындардың 97%-ы біздің қонақүйіміз­ге ризашылығын білдірді. Инфрақұрылымды жаңғыртудан кейін, қонақүйде өткен ауқым­ды 3 конференцияға қатысқан келу­ші­лер де жоғары бағалады.

– Қонақүйдің қандай жетістіктерін ерек­ше атап көрсетер едіңіз?

– «Rixos Beldibi» қонақүйінің бірден-бір жетістігі ретінде ұжымымыздың қонақтарға барынша жайлылық сыйлауға талпынысын атар едім.

Біз ұжымымыздың тұрақтылығын, ал қызметкерлеріміздің адалдығын мақтан тұтамыз. 12 жыл ішінде өз дәстүрлеріміз қа­лыптасты, біз оларды құрметтейміз әрі сақтаймыз.

– Қонақүйлеріңіз кімге арналған? Клиент­теріңіз кім?

– Біздің клиентіміз – жайлылықты ғана емес, сондай-ақ тыныштықты, эксклюзив­тілік пен сапаны бағалайтын орта жастағы адам. Әр адамның басына күн сайын тон­налап ақпарат түсіп жататын бұл әлемде біз­дің қонақүйіміз күшін қалпына келтіруге және оңтүстік жағалауының қуатынан нәр алуға көмектеседі.

– Қонақүй тағы қандай қызметтер көр­сетеді?

– Қонақүй «All Exclusive. All Inclusive», яғни «Барлығы эксклюзивті. Барлығы қо­сылған» деген жүйе бойынша жұмыс іс­тей­ді. Теңізге баруға қолайлы қосымша жол­дары бар ұзындығы 275 метр жеке пирс және жағажай бар. Өз жағажайында барлық қызметтер тегін, су спорты орталығы, бар және бассейн демалысты жайлы ете түседі.

Қонақүйде жоғары сапа стандарт­та­рымен белгілі «Rixos Royal SPA Beldibi» SPA-орталығы жұмыс істейді, ол «Rixos Beldibi» қонақүйінің қонақтарына уақыт­-ты тамаша өткізуге, тәні мен жанын сауық­тыруға және қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

СПА аумағы 1,8 мың шаршы метрден асады және жабық хауыздан, фитнес-ор­талықтан, түрік хамамынан, саунадан, бу­лау орнынан және сұлулық салонынан тұ­рады.

– Қалай ойлайсыз, қонақүйдің орна­ласқан жері туристер санының артуына әсер ете ме?

– Қонақүйдің орналасқан жері көптеген қонақтар үшін тұратын жерін таңдауда шешуші фактор болып саналады.

Біздің қонақүйіміз бірінші жағалау сы­зығында орналасқан. Сонымен қатар, қо­нақ үйдің жеке жағажайы ұсақ құммен ұдайы жаңартылып отырады. Бұл өте ма­ңызды, себебі туристер кемер жағалауының тастақ болуына көп шағымданып жатады. Және бұл қонақүйге тоқтайтын туристер санының артуына ықпал етеді.

Кешен Белдіби кентінен 5 шақырым және Анталияның орталығынан 25 шақы­рым қашықтықта орналасқан.

– Алдын ала болжамдар бойынша, ту­ристік маусым ішінде қонақүйде қанша қонақ демалады?

– Болжамдар бойынша, туристік мау­сымда орта есеппен қонақүйге келушілер­дің саны шамамен, 80 мыңға дейін жетеді. Бұл ретте Батыс және Шығыс Еуропадан, ТМД елдерінен, Израильден, Орта Азия­дан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы­нан келген туристер және Түркия Респуб­ликасының жергілікті халқы демалады.

– Қонақүйді басқаларынан ерекше­лендіріп тұратын үш белгісін атай аласыз ба?

– Бірінші кезекте – бөлмелер мен асүй­ден бастап, парк аймақтарына дейінгі та­залық . Екінші – қауіпсіздік, үшінші – жайдары, сауатты үйретілген персонал.

– Қонақүйдегі асхана қонақтарды не­сімен таңғалдыра алады?

– Қонақүй жұмысының ең маңызды бағыты – тамақтану қызметтерін көрсету. Кәсіби дизайнерлер келушілерге жайлы­лық, жарық пен жылу сыйлайтын аса тың, бірегей стиль жасап шығарды. Ал мейрам­хана қайталанбас, сонымен бірге, аса көзге түсе бермейтін интерьерімен ерекшеленеді, онда демалысты тамаша өткізуге болады.

Қонақтардың таңдауына «Mermaid» балық мейрамханасы, «La Rozetta» итальян мейрамханасы, «Bonzai» суши-мейрам­ханасы, «Doy Doy BBQ» гриль-мейрам­ханасы және 7 бар - «Lobby», «Pool» «Beach», «Irish», «C- витамин», «Ice Cream», сондай-ақ кальян-бар ұсынылады.

– Өзіңізге белгілі, 5 жұлдызды қонақүйдің жұмысы персоналға ерекше талаптар қояды. Қызметкерлеріңіз жиі оқу курстарынан өте ме?

– Қонақ үй «Rixos» брендімен жұмыс істейді, басқару түгелдей «Rixos» компа­ниясы бекіткен қызмет көрсетудің сапа стан­дарттарына сәйкес жүргізіледі.

Біліктілікті арттыру бойынша жұмы­-сын «Rixos» орталық кеңсесінен келетін тренинг-менеджерлер жүргізеді, олар апта сайын қонақүйге келіп, оқу жүргізеді.

Сонымен қатар, қонақүйге жұмысқа Түркия Республикасының Туризм универ­ситеті берген сертификаты бар адамдар ғана іріктеп алынды, ол сертификаттың бар болуы бұл адамдардың қонақүй ісі сала­сындағы жұмысқа арнайы дайын­дал­ған­дығын білдіреді.

Қонақүй қызметкерлері әдетте кем дегенде 2 тілді меңгерген және бір-бірінің жұмысын қайталамайды. Мысалы, егер бір қызметкер түрік және орыс тілдерін мең­герсе, оның серіктесі түрік және ағылшын немесе түрік және неміс тілдерін меңгерген. Қажет болған жағдайда олар бір-біріне көмекке келуі тиіс, яғни жұмыс үйлесімді атқарылады.

– Қонақүйді пайдалануға беру кезінде клиенттерді тарту үшін арнайы шаралар өткізілді ме?

– Қонақүйді іске қосу кезінде арнайы шаралар өткізілген жоқ. Бәсекелестікке шек қойылмаған, ал сапа стандарттары үнемі артып отыратын бұл әлемде «Rixos» сәнді демалыс, тамаша жайлылық пен түріктің шынайы қонақжайлылығын көр­сетіп, қонақтардың көңілінен шығып отыр.

Оның үстіне қонақүй жаңғырту жүр­гізгенге дейін де «Rixos» брендімен жұмыс істеген болатын, соған байланысты көп­теген қонақтар біздің қонақүйімізбен жақ­сы таныс және жаңа архитектуралық ди­зайнді, жеке безендірілген бөлмелерді, жа­ңартылған аумақты, лобби мен мейрам­хананы артықшылығына қарай бағалауға дайын.

– Көптеген қонақүйлер қонақтарды тар­ту үшін қызықты шоу-бағдарламалар өткізеді. Сіздер де аянып қалмаған шығар­сыздар?

– «Rixos Beldibi» қонақүйінде әртүрлі спорттық және ойын-сауық іс-шаралары өткізіліп тұрады. Қонақтардың назарына жарыстар, су спорты, «Rixy-клуб» арнайы балалар бағдарламасы, DJ мен би ұжым­дарының қойылымдары, сондай-ақ шы­найы музыка ұсынылады. Өткізілетін ойын-сауық бағдарламаларына қосымша әр сағат сайын қонақүй қонақтарына «Ri­xos Sungate» қонақүйіне тегін трансфер беріледі. Бұл ретте «Rixos Beldibi» қонақ үйінің туристері «Rixos Sungate» қо­нақүйі­нің барлық қызметтерін тегін пайдалана алады.

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті


Тізімге оралу