Шырайлы мекендегі ғажайып шипажай

Шырайлы мекендегі ғажайып шипажай 2014-07-28
Бүгінгі таңда ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесіндегі ең үздік кешенді емдеу әрі қызмет көрсету әдістері бойынша өзгелерден бір бас жоғары тұратын шипажайлардың бірі - «Almaty Resort». Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес салынған заманауи көп функционалды емдеу-сауықтыру кешені болып табылады. Ал мұнда демалушылар шипажайда жоғары сапалы медициналық қызметтер ғана алып қоймайды. Бұл жерде 5 жұлдызды қонақ үйдің жайлы нөмірлерінде тамаша демалуға, конференциялар, симпозиумдар, тимбилдингтер және салтанатты іс-шараларды ұйымдыстыруға зор мүмкіндіктер қарастырылған.

Тамаша сервис, қызметтердің дербестілігі, жеке емдеу сипаты, жақсы жолға қойылған маркетинг көп жылғы мінсіз бедел-бейнесі бүгінгі таңда тұтынушылардың сенімін тудырып, мұндай сенім медициналық қызметтер нарығында алдыңғы қатарда болуға зор мүмкіндік беруде.

Бұл шипажайда әр науқастың жеке талаптары мен медициналық көрсетілімдері ескерілген тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламалары да келушілер назарына ұсынылады. Санаторийдің клиникалық бөлімшелерінде жалпы сауықтырып емдеумен қатар, қан айналымы жүйесі, жүйке, сүйек-бұлшық ет және зәр шығару жүйелері, тыныс алу, ас қорыту мүшелері, зат алмасудың бұзылуы сынды сырқаттар мен 14 бейін бойынша табиғи, климаттық және басқа да емдеу факторларын пайдалану арқылы қалпына келтіріп емдеу және оңалту істері шебер жүргізіледі.

Санаторийдің консультациялық-диагностикалық орталығында 26 жоғары білікті маман дәрігер консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді (терапевт, невропатолог, кардиолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, уролог, гинеколог, стоматолог, психотерапевт, диетолог, аллерголог және т.б.); көптеген диагностикалық қызметтер жүргізіледі, соның ішінде рентгенологиялық және ультрадыбыстық диагностика, спирография, эхокардиография, тредмил, велоэргометрия, тәуліктік холтер мониторингі (ЭКГ және қан қысымы), бейне-эндоскопиялық бронхоскопиялық (инфекциялардың болуы, гепатит маркерлері, онкомаркерлер), гастроэнтерологиялық, колоноскопиялық, ректоромоноскопиялық зерттеулер, полисомнография, электромиография, жалпыклиникалық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеу түрлері, ИФА, ПЦР, аллергодиагностика және тағы басқа да заманауи озық технологияның зерттеу әдіс-тәсілдерімен іс жүргізіледі.

Санаторийдің физиотерапевтік бөлімшесінде жылумен, жарықпен, электрмен емдеудің заманауи түрлері; омыртқаны құрғақ және су асты тарту әдістері; озокеритотерапия; галотерапия; вакуумды соққылы-толқынды терапия; су асты душ-массажы сияқты су емшаралары, минералды ванна, құрғақ және ылғалды минералды ванналар, озон ванналары, сулаудың барлық түрлері (ішек, қызылиек, гинекологиялық); сонымен бірге эксклюзивтік технологиялар: криотерапия (айрықша төмен температурамен емдеу); құрғақ гидромассаж, вакумед, екі камералы құйынды ванналар, Флойтинг ваннасы, «Каракала» ваннасы, «Самырсын бөшкесі» фито-саунасы, СПА-капсула да бұл күнде елді емдеп-сауықтыру ісінде ұтымды пайдаланылып келеді.

Ал белсенді демалуды ұнататын тұлғалар үшін мейрамханада банкет қызметі мен бос уақытты өткізуде көңіл көтеру кешенінің (500 орындық Променад жазғы мейрамханасын қоса алғанда, 5 мейрамхана, 5 бар, интернет-кафе, кинотеатр, диско-клуб, караоке, VIP караоке, жабық және ашық бассейн, жаттығу залдары, баскетбол және волейбол алаңдары, 4 теннистік корт, 2 бильярд залы, терренкур, балалар алаңы, ойын аумақтары, шана трассалары, шана тебетін төбешіктер секілді сервистің сан қилы түрлері қашанда ел игілігі үшін қалыпты жағдайда қызмет етуге әзір.

Тізімге оралу