«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

Жаңартылу күні:  09.09.2019

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

   

«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

түсіндірме жазба


1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган атауы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы.

2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 
2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес және мүлікті тиімді пайдалану мақсатында аталған жобаны қабылдау қажет, ол «Оқжетпес» емдеу – сауықтыру кешені» АҚ мүліктерді беру және одан әрі оны жарғылық мақсаттарға сәйкес пайдалануға құқықтық негіз береді.

Қазіргі таңда осы қаулы жобасының мәні болып табылатын республикалық мүлікті баланс ұстаушылар іс жүзінде пайдаланбайтындықтан, оны одан әрі күтіп ұстау орынды емес.

3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын қажет етпейді.

4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар       

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

5. Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі   

Мүлікті беру «Оқжетпес» емдеу – сауықтыру кешені» АҚ-ға жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін мүлікті мақсатына сәйкес тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер         

«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 
19 қаңтардағы № 140, «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 13 маусымдағы № 650 және «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 тамыздағы № 499 қаулылары.

7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы      

Жоқ.

8. Көрсетілген жобаның халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат       

Халықаралық шарт болып табылмайды.

9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы №25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі 

Рұқсат етіледі.

10. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының http:www.udp-rk.kz интернет ресурсында орналасқан.

11. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Жоқ.

12. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі        

Сәйкес келеді.

13. Үкімет актісінің жүзеге асуына байланысты жеке кәсіпкерлер субъектілерінің шығындарын төмендету және (немесе) арттыруды дәлелдейтін есептердің нәтижесі

Қажет етілмейді.

14. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептеріне негіздеме

Қажет етілмейді.


Қазақстан Республикасы

Президентінің Іс Басқарушысы                                                                                                               Е. Баттақов


.docx форматында жүктеп алу



Возврат к списку