Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылу күні:  03.07.2019

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

  2. Мыналар:
    1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
    2. кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласында қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

  3. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1. кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
    2. Қазақстан Республикасының әділет органдарында кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді;
    3. осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин


Тіркеме Көлем
проект ПП РГП на каз.docx 16.74 КБ
письмо крем.pdf 1.24 МБ
приказ крем.pdf 3.7 МБ
ПЗ каз.docx 16.94 КБ


Возврат к списку