Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылу күні:  27.02.2019

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы», «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемелеріне бекітіліп берілген осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен «Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің
Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                                                                                               А. Мамин


Тіркеме Көлем
ПЗ каз.doc 42 КБ
Приложение каз.docx 199.37 КБ


Возврат к списку