Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылу күні:  13.06.2018

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы», «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемелеріне, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы», «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» және «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына бекітіліп берілген:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік «Оқжетпес» емдеу - сауықтыру кешені» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік «Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына заңнамасында белгіленген тәртіппен берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі                                                            Б. Сағынтаев



Тіркеме Көлем
Түсіндірме жазба.doc 55 КБ
Қосымша.xlsx 74.61 КБ


Возврат к списку