Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылу күні:  12.01.2018

«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы
№ 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлік республикалық меншіктен «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

2.   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақмола облысының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.

3.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                                   Б. Сағынтаев


Тіркеме Көлем
Түсіндірме жазба.DOC 53.5 КБ
Қосымша.DOC 26.77 КБ
Письмо акимата Акмолинской области.pdf 102.53 КБ
Возложение.pdf 255.22 КБ


Возврат к списку