Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылу күні:  24.11.2016

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының

кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар осы қаулыға қосымшаға сәйкес қайта аталсын.

3. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы осы қаулыға қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

4. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Б. Сағынтаев


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы «___» __________

№ ____ қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер

1. «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесінде:

«102 Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық Басқармасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«102 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» деген реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«2 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы».

2. «Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 562 қпү қаулысында («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар).
3. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1078 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 581-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы.».

4. «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде:

2-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылмайды.».

_____________________________________________


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің

2016 жылғы 
№ қаулысына 
қосымша

Қайта аталатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

тізбесі

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

_________________________________________



Тіркеме Көлем
Түсіндірме жазба.docx 22.19 КБ
Салыстырма кесте.docx 21.91 КБ


Возврат к списку