«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 748 қаулысының күшін жою туралы

Жаңартылу күні:  15.02.2016

 

«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 748 қаулысының күшін жою туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 748 қаулысының күші жойылсын.

2.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Қазақстан Республикасының

           Премьер-Министрі                                                            К. Мәсімов




«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 748 қаулысының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулы жобасына түсіндірме жазба

 

 

Р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы  
№ 1141 қаулысымен  «Астана қонақ үйі» АҚ Басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесіне енгізілген.

«АҚҚУ» қонақ үй кешенінің тарихи мақсатын, қызмет көрсетуші персоналының біліктілігін, әлеуметтік мәртебесін және нөмірлік қорының жай-күйін, орналасқан жері мен атағын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы жүйесінде жоғары деңгейде ресми қабылдаулар, соның ішінде ЭКСПО-2017 өткізу үшін осындай кешен болмауына байланысты оны республикалық меншікте «Қараөткел» РМК теңгерімінде қалдыру қажеттілігі туындап отыр.

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Болжанбайды

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Болжанбайды

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жоғары деңгейде р

есми қабылдаулар өткізу үшін «АҚҚУ» қонақ үй кешенін республикалық меншікте «Қараөткел» РМК теңгерімінде қалдыру

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 748 қаулысы

7

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама

жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Талап етілмейді

9

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

 

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Талап етілмейді

13

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

 

 

Қазақстан Республикасы

   Президентінің Іс Басқарушысы                                                     А. Бисембаев

 

 

2016 жылғы  «______» __________


Тіркеме Көлем
проект ППРК.doc 29.5 КБ
пояснительная записка.doc 66 КБ


Возврат к списку