Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы (Астана қаласы әкімдігіне беруге қатысты)

Құрылу күні:  11.09.2015
Жаңартылу күні:  14.09.2015

 Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен

коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

  «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес сыртқы жылу желілері республикалық меншіктен «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемелекеттік мекемесінің теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

          Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                                      К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы «__ » ______   ___    

___  __ қаулысына

қосымша

  

Республикалық меншіктен Астана қаласының

коммуналдық меншігіне берілетін

 мүліктің тізбесі

Р/с

Объектінің атауы

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Техникалық сипаттамасы

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласы Есіл өзенінің сол жағалауында № 19 көшенің оңтүстігінде орналасқан «Нұра» мемлекеттік резиденциясы

жылумен жабдықтаудың сыртқы желілері

(жылу трассасы)

метр

175,95

2Ду 76/160 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

метр

527,87

2Ду 108/200 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

метр

532,58

2Ду 133/225 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

метр

3175,66

2Ду 159/250 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

метр

23,20

2Ду 426/630 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

метр

65,00

2Ду 159/250 мм ППУ-ПЭ (жерасты)

  



Тіркеме Көлем
ҚР Үкіметінің қаулы жобасы 48 КБ
Түсіндірме жазба 47.5 КБ
Астана қаласының әкімдігі 92 КБ
Астана қаласы әкімдігінің хатына қосымша 15.05 КБ
Техникалық тексеру актісі 289.42 КБ
Келісу парағы 54.5 КБ


Возврат к списку